Белгілі әнші Маржан Арапбаева кезекті сапары жайлы әлеуметтік желі қолданушыларына айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі бұл жолы Қытай еліне сапарлатып кеткенін айтты. Әншінің сөзінше, сол жақта жас жұбайлардың тойында ән шырқайды.
"Бір қарасам, Қытай еліне келіп қалыппын. Мына қасымда тұрған Мақсат және Жұлдыз есімді жас жұбайлар,осы қос ғашықтың тойына арнайы келдім. Бұл жақтың да тойын көріп қайтайық", - деді әнші Маржан Арапбаева әлеуметтік желідегі жазбасында.
Айта кетейік, бұған дейін Маржан Арапбаева жол апатына түскенін жазған едік.