Атырауда төбелес кезінде ер адам көз жұмды

Күдікті қамауға алынды.

Атырауда төбелес кезінде ер адам көз жұмды
newgrodno.by

Атырауда төбелес кезінде ер адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ақ Жайық» сайтының мәліметінше, Атырау қаласы «Авангард» ықшамауданында 1983 жылы және 1994 жылы туған ер адамдар арасында төбелес болған. Салдарынан 1994 жылы туған жігіт қайтыс болды.

Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.