Қостанай облысында малшы қатты аязда үш күн адасқан
Іздестіруге 50 адам қатысты, тікұшақ та пайдаланылды.
Қостанай облысында қатты аязда жоғалып кеткен шопан үш күннен соң тірі табылды.
Арқалық қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асылхан Нұрғалиев табылған шопан Талғат Кенжин жатқызылған Арқалық аудандық ауруханасына барды.
«13 қаңтарда Арқалықта қарлы боранда жергілікті малшылардың жылқылары жоғалып кеткен. Малшылар көлікпен іздеуге шығып, оларды Ақмола облысынан тапты. Көлік қарда тұрып қалды. Малшылардың біреуі жылқыларды күзетуге қалып, жоғалып кетті», - деп жазылған хабарламада.
Үш күн ішінде ауа райы қолайсыз болса да 50 адамнан тұратын топ іздеу жұмыстарын тоқтатпаған.
«16 қаңтарда Астана қаласынан жоғалған адамды іздеу үшін тікұшақ келді. Жоғалған малшыны Восточное ауылының маңында полиция қызметкері тапты. Малшыны үсік шалған, ол Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.