707
Қазақстанда қылмыс деңгейі 11% төмендеді
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 11%-ға төмендеген, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның ішінде:
- 14,9%- ға (44 106 - 37 548) ауыр қылмыстар;
- 12,6%-ға (67 340 - 58 874) ауырлығы орташа қылмыстар;
- 4%-ға (22 741 - 21 826) онша ауыр емес қылмыстар.
Сонымен қатар, аса ауыр қылмыстар саны 15,7%-ға (2 241 - 2 593) артқан. Ал тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты.
«824 адам прокурорлармен қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7%-ға қысқарды (578-ден 447-ге), 97 тұлға сотпен ақталды», – делінген хабарламада.