Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт екі адамның өмірін жалмады, деп хабарлады turkystan.kz.
Zakon.kz сайтының мәліметінше, өртті сөндіруге 7 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылды.
Қызыл жалынды сөндіру жоғары өрт жүктемесіне байланысты қиындады. Өйткені үй құрылымдық жағынан толығымен ағаш конструкциялардан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады.
Өрт сөндірілді.