Алматы облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды

Полицияға хабар-ошарсыз кеткен 1990 жылғы А. есімді азаматшаның туыстары жүгінген.

Алматы облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды
Ашық дереккөз

Алматы облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен 33 жастағы әйел табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы облысы ПД басшысы Бауыржан Әленовтің айтуынша, 2023 жылдың 25 желтоқсанында Алматы облысы ПД аумақтық белімшесінің полициясына хабар-ошарсыз кеткен 1990 жылғы А. есімді азаматшаның туыстары жүгінген.

«Өтініш Кеген ауданы ПБ СДТБТ-не дереу тіркелді және барлық қажетті іздеу іс-шаралары басталды. Қабылданған шаралардың нәтижесң бойынша жоғалған қыздың қайда екендігі анықталып, облыстық, ПД полиция қызметкерлерімен жақын туыстарына тапсырылды. Сонымен қатар, А. есімді азаматшамен бұдан әрі мұндай әрекеттің алдын алу бойынша тиісті профилактикалық әңгімелер жүргізілді», — деп жазды ол.