Тәртіп пен заң үстемдігін сақтай отырып, әділетті қоғам құруға қадам басамыз – Амантайұлы

Депутаттың айтуынша, бүгінде біздің қоғам үшін өзекті болып тұрған барлық жағдай сұхбатта толық қамтылған.

Тәртіп пен заң үстемдігін сақтай отырып, әділетті қоғам құруға қадам басамыз – Амантайұлы
ашық дереккөз
1046

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген атаумен «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған сұхбатын оқып шықтым. Көптің көкейінде жүрген сан сауалға салмақты жауап берілгендей екен. Мемлекеттің тағдыры қыл үстінде тұрған кешегі Қаңтар оқиғасы сынды алмағайып шақта ел тізгінін ұстаудың жауапкершілігі мен қиындығы қаншалық екені ұғынасың. Ел кімге сенерін, кімге ерерін білмей теңселген тұста әрбір қабылданған шешім, үлкен тәуекел болғанын жеткізген екен», – дейді Жарқынбек Амантайұлы.

Оның айтуынша, сондай-ақ еліміздегі қосарланған билік туралы алып-қашпа әңгіменің де нүктесі анық қойылған.

«Шынымен елге уайым болған жайдың бірі де осы еді. Президент –«…Қалай десек те, мемлекетте үлкен және кіші президент деген болмауы керек деп санаймын. «Кеттің бе – қайы­рыл­ма!..» дейді. Яғни, бұл бүгін ғана емес, ертең билік басына келер буынға да сабақ деп түйіндеген. Қалай дегенмен осы бір «тар жол, тайғақтан» соң жаңа саяси реформаларды жүзеге асыру оңайға соқпағаны анық. Уақыт пен қоғамның талабынан туған тың қадамдар ел еңсесін қайта тіктеуге бағытталды. Сұхбаттан бұл тақырып та терең көрініс тапқан. Тәртіп пен Заң үстемдігін сақтай отырып қана біз жаңа даму кезеңіне, әділетті қоғам құруға қадам басатынымыз тілге тиек болады», – дейді депутат.

Оның пікірінше, еліміздегі энергетикалық қауіпсіздік, АЭС салу мәселесі жайлы да Мемлекет басшысы ұстанымын айқындап, саланың алдағы даму бағытын ашып көрсеткен.

«Тағы бір терең қаузалған тақырып - халықаралық саясат. Соңғы бір-екі жыл Қазақстанның сырты саясаттағы байланыстары жаңа деңгейге шыққаны жасырын емес. Әлемдік геосаясат құбылып тұрған шақта өзге елдермен тиімді әрі маңызды байланыстар орнатудың мәні зор. Бұл ретте, «Орталық Азияға айрықша назар аударуда. «С5+» үлгісі маңызды диалог алаңына айналды» -дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Көрші елдермен қарым-қатынасымыз артып келе жатқаны рас. Әсіресе, көршілес елдермен байлыстың тереңдей түсуі өзекті. Қазақстан мен Қытай халық республикасы арасындағы сауда-экономикалық байланысының орны турасында да жан-жақты ой толғаған. Бір сөзбен айтқанда бүгінде біздің қоғам үшін өзекті болып тұрған барлық жағдай толық қамтылған, келелі де көлемді сұхбат екен», – деп түйіндеді Ж. Амантайұлы.

 

Серіктес жаңалықтары