«Ескілікке қайтып барар жол жоқ»: депутат Президент сұхбаты жайлы
Депутаттың пікірінше, бұл танысуға тұрарлық көлемді сұқбат болды.
Парламент мәжілісінің депутаты Максим Рожин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.
«Елімізде кез келген іс ұлттық мүдде тұрғысынан жасалу керек. Егер екі ауыз сөзбен Мемлекет басшысы берген сұқбатынан түйгенімді сұраса осылай жауап берер едім. Кең көлемді сұқбат барысында бірәз мәселе талқыланды. Елдегі экономикалық, идеологиялық, саяси өзгерістер сөз болды. Президент Қантар оқиғасына да тоқталып кетті», – дейді Максим Рожин.
Депутат елдегі саяси өзгерістер туралы айтты.
«Ал өзім үшін қызық болған мәселе – елдегі саяси өзгерістер. Әрине ол өзгерістер Қаңтар оқиғасынан кейін қарқын алды. Елімізде референдум өтіп, Ата заңға халықтың шешімімен бірәз өзгеріс енгізілді. Солардың ішінде маңыздылардың бірі Мемлекет басшысы бір рет 7 жылдық мерзімге сайлануы. Оған қатысты алып қашпа әңгіме де, жұртың «шынымен де бір ақ рет сайлана ма, ары қарай өзгермей ме» деген күдігі де болғаны рас. Бірақ енді халықтың өзі мұндай әрекетке жол бере ма? Оған қатысты жауап бар сұқбатта:
«...Бұл – жалған ақпарат. Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды. Ал осындай маңызды мәселеге келгенде, тіпті мүмкін емес. Мен бұған нық сенімдімін. Конституциялық реформа Ата заңға қалай болса солай өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ. Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Бұл талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген. Ақыры осы тақырып қозғалған екен, бұған қатысты кейбір жайтқа кеңірек тоқталып, мән-жайын аша кетейін. Мен жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүрдім. Сол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Өзім Президент болып сайланғаннан кейін, осы бастамамның артықшылығы мен кемшілігін әбден салмақтап, оны қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде көп ойладым. Суперпрезидентке тән өкілеттіктерді жою үшін 2022 жылы Конституцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам...» , – деп жазды ол.
Оның айтуынша, Конституция белгілеген мерзімде елімізде сайлау өтіп, сол сайлауда біз Қазақстан Республикасының үшінші президентін сайлайтын боламыз.
«Бұл едімізде бет алған қарқын осылай жалғаса береді, өйткені бұл ел мүддесіне, халық сұранысына сай дүние. Ескілікке қайтып барар жол жоқ, баяғы тәсілдер келмеске кетті. Өзінің сұқбатында Қасым - Жомарт Тоқаев үзілді кесілді тағы бір рет нақты айтты:
«...ескі жүйе келмеске кетті. Қазақстандағы саяси реформалар жүйелі ғана емес, ешқашан кері қайтпайтын түбегейлі сипатқа ие болды деп сеніммен айта аламыз. Мұның еліміз үшін айрықша маңызы бар. Себебі ұлттың саяси сана-сезімі түбегейлі өзгерді. Жұрттың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігі демократиялық жаңғырудың басты кепіліне айналды. Тоқетерін айтсақ, кері кетуге халықтың өзі жол бермейді және елге жаңа леп әкелген осы өзгерістерді табандылықпен қорғайды. Мен бұған бек сенімдімін».
Танысуға тұрарлық көлемді сұқбат болды. Сапарда жүріп оқып үлгердім», – деп жазды М. Рожин.