Шахта маңындағы апат: Павлодар облысында екі адамның денесі табылды
Екі азаматтың денесін жердің бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде.
Павлодар облысында екі адамның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Екі азаматтың денесін жердің бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
«Өкінішке қарай, ТЖД құтқарушыларының күшімен құмнан қаза тапқан екі адамның денесі табылды. Автобус табылмады, іздеу жұмыстары жалғасуда. Республикалық орталық штаб қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға – бәріміз үшін үлкен соққы және орны толмас қайғы», – деп жазылған Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабының хабарламасында.
Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабында қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті қолдау көрсетілетінін және зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданында «Майқайыңзолото» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен. Алдын ала болжам бойынша, құлаған аумақтың ұзындығы – 150-200 м, ені – 500 м, тереңдігі –150 м.
Апат кезінде автобуста төрт адам болды: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.