Депутат: ЖЭО-дағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары

Бауыржан Смағұловтың айтуынша, өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа да құрал-жабдықтардың 80 пайызы әбден тозған.

Депутат: ЖЭО-дағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары
ашық дереккөз
956

Жылу электр орталықтарындағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары. Бұл туралы Парламет мәжілісінің депутаты Бауыржан Смағұлов Мемлекет басшысының "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған сұхбатына қатысты білдірген пікірінде айтты.

«Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясатқа, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, АЭС құрылысына және басқа да өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Жылу электр орталықтарындағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары. Осы саладағы түйткілдер бір күнде аяқ астынан пайда бола қалған жоқ. Оның бәрі жылдар бойы қордаланған мәселелер екені баршаға мәлім. Өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа да құрал-жабдықтардың 80 пайызы әбден тозған. Өткен жылдарда коммуналдық шаруашылыққа салынған инвестиция бұл саланың қажетін өтеуге жеткіліксіз болды.

ЖЭО және ТКШ саласындағы күрделі сын-қатерлер уақыт пен күш-жігерді қажет етедіндігін, сонымен қатар жылыту маусымына көктемгі-жазғы дайындық оң аталып өтіледі, ал инженерлік инфрақұрылымды терең жаңғырту көпжылдық проблемаларды кезең-кезеңімен шешілуде екенің қоса айтуға болады», - деді халық қалаулысы.

Серіктес жаңалықтары