Атыраулық бойжеткен мұз астына түсіп кетті

Жедел-тергеу тобы тиісті шараларды бастады

Атыраулық бойжеткен мұз астына түсіп кетті
Ашық дереккөз
4715

Атырау қаласында орталыққа жақын маңда Жайық жағалауында қыз бала мұз ойылып, суға түсіп кеткен, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарлама түскен сәтте оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Мұратов, Құрманғазы Мерей және әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы Арманбек Ғабитов жеткен.

Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап, мұз үстімен жасөспірімге қарай беттесе, әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрген. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрған.

Атыраулық полицейлер мұз ойығынан суға түсіп кеткен жасөспірімді аман-есен алып шықты. Олардың қырағылығы мен ептілігі арқасында жасөспірім жағаға шығарылып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Қатты суықтан денесі қалшылдаған жасөспірім мән-жайды түсіндіре алмады.

Жедел-тергеу тобы тиісті шараларды бастап кетті.

Серіктес жаңалықтары