Қытайда әуе таксиі қызмет көрсете бастады

Көлік құралы бір уақытта 5 адамды тасымалдай алады

Қытайда әуе таксиі қызмет көрсете бастады
Ашық дереккөз

Қытайдың Хафэй округінде тұрғындарға әуе таксиі қызмет көрсете бастады, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік құралы бір уақытта 5 адамды тасымалдай алады. Жоба авторларының айтуынша, такси экологиялық жағынан таза, ауаны ластамайды. Тағы бір ерекшелігі, ол кез келген алаңға ұшып, қона алады.

Айта кетейік, Қытай – жолаушыларға ресми түрде әуе таксиі қызметі ұсынып отырған алғашқы ел. Бұған дейін бірқатар елде тек ұшу сынақтары ғана жүргізілген болатын.