31 қазанда полицияға тұрғыннан 20 бас жылқының жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Өтініш берушінің айтуынша, жануарлар қора аумағынан өздігінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, малдың жалпы құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды. Хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Нәтижесінде 20 бас жылқының да орналасқан жері анықталып, жануарлар табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне малды тиісінше қарауда ұстау, қоралардың қоршауларын тексеру және малдың қараусыз жайылып кетуіне жол бермеу қажеттігін ескертеді.
Полицияға уақытылы хабарлау жедел әрекет етуге және ықтимал материалдық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.