Солтүстік Қазақстанда 17 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды

/
Солтүстік Қазақстанда 17 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының полициясы Тайынша ауданына қарасты Петровка ауылында педагогикалық колледждің 17 жастағы студентінің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәмелетке толмаған қыздың мәйіті 1 қараша күні кешке жеке тұрғын үйдің сарайынан табылған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Алайда медицина қызметкерлері жеткен кезде қыз тірі болмаған. Ол механикалық асфиксия салдарынан көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм ешқандай хат қалдырмаған.

«Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін факторлар мен жағдайлар анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қыз 1 тамызда 17 жасқа толған. Ол Көкшетау қаласындағы педагогикалық колледжде білім алған. Петровка ауылына анасына қонаққа келген. Анасы сол ауылда кіші ұлымен бірге тұрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары