Асаубаева әлем чемпионы атағын қорғай алмады

Шахматшы турнирді 6-орынмен аяқтады

Асаубаева әлем чемпионы атағын қорғай алмады
СДД

Самарқандта шахматтан блиц бойынша 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Онда қазақстандық Бибісара Асаубаева Алматыда жеңіп алған былтырғы чемпиондық атағын қорғай алмады, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионатының ең жоғары медалін үшінші рет таға алмады. 19 жастағы қазақстандық ойыншы 17 ойыннан кейін 11 ұпай жинап, турнирді 6-орынмен аяқтады, - деп хабарлады FIDE баспасөз қызметі.

Тағы бір жерлесіміз Меруерт Камалиденова Самарқандта (11 ұпай) 8-орынға табан тіреп, әлемнің үздік 10 шахматшы қыздарының қатарына енді.

Ал блицтен ресейлік Валентина Гунина әйелдер арасындағы жаңа әлем чемпионы (14 ұпай) атанды. Ал Александра Костенюк (Швейцария, 13,5) күміс, қытайлық Жу Цзиньер (12,5) қола жүлде иеленді.