Елордада мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жүреді?

Қоғамдық көліктер демалыс күні кестесі бойынша қатынайтын болады,

Елордада мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жүреді?
Sputnik
1546

30 және 31 желтоқсан күндері елордада автобустар демалыс күні кестесі бойынша қатынайтын болады, деп хабарлады turkystan.kz CTS-ке сілтеме жасап.

Астананың қоғамдық көлігі 30 және 31 желтоқсанда таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

«1 қаңтарда сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін автобустардың 50 пайызы жүреді, сағат 10:00-ден кейін автобустар штаттық режимдегі кестеге сәйкес сағат 23:00-ге дейін жүреді. 2 қаңтар күні – сенбі кестесі бойынша(06:00 - 23:00).
3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көлік сенбі кестесі бойынша жүреді», – делінген хабарламада.

3 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар бекітілген кестеге, яғни апта күніне сәйкес штаттық режимде жүреді.

Серіктес жаңалықтары