«Ауыр жарақат алған»: Алматы облысында көшеден ер адамның денесі табылды

Сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Ауыр жарақат алған»: Алматы облысында көшеден ер адамның денесі табылды
Фото: instagram/ile.police

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы көшелердің бірінен ауыр дене жарақатын алған 40 жастағы тұрғынның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 26 желтоқсанда болған. Полиция күдіктілер ұсталғанын мәлімдеді.

«Аталған дерек бірден ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тіркелді. Іле аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1993 және 2007 жылы туған екі күдікті анықталып, ұсталды, олар кінәсін мойындады», - деді Іле аудандық полиция басқармасынан.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды.