«Аз уақыт қалды»: Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы қуанышты жаңалығын айтты

Қазақстанда дүниеге келгенде оған Жәнібек деген есім берілген.

«Аз уақыт қалды»: Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы қуанышты жаңалығын айтты
Фото: ашық дереккөз
3817

Бельгиялық әйел асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстанда туған ата-анасын іздеп жүр. Ол әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстанда дүниеге келгенде оған Жәнібек деген есім берілген. Жақында журналист Қымбат Досжан анасы болуы мүмкін үш әйелдің бірі ДНҚ сынамасын тапсырғанын  айтқан болатын. Эдди Жан ДНҚ нәтижесін күтіп жүр.

Оның айтуынша, бүгін екі ананың ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болмақ.

«Аз уақыт қалды, дәл қазір толқып отырмын. Анашымды тауып, құшағыма аламын деген үміттемін!» деп жазды ол.

 

Серіктес жаңалықтары