Қасым-Жомарт Тоқаев Б.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды

Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Б.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барған болатын.