70 мың теңге пара алған: Жаңаөзенде мектеп директоры сотталды

Ол кінәсін толық мойындады

70 мың теңге пара алған: Жаңаөзенде мектеп директоры сотталды
Ашық дереккөз

Жаңаөзенде кешкі мектеп директоры сотталды, деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Жаңаөзен қалалық сотында пара алған мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, сотталушы Жаңаөзен қаласындағы кешкі мектептің директоры қызметін атқара отырып, орта білімді аяқтау туралы аттестатын беру үшін 70 мың теңге көлемінде пара алған.

2023 жылы 1 қарашада прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасақталған.

Сот сотталушының жағдайын жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәні толықтай мойындауын, бұрын сотты болмағанын ескерген, ал жағдайын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот үкімімен директор ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 млн 100 мың теңге айыппұл жазасы тағайындалған, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.