Оятқыш денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін – зерттеу

АҚШ ғалымдары адамның оятқыштан оянған кездегі және өзі оянған кездегі жағдайын сигнал арқылы салыстырған.

Оятқыш денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін – зерттеу
сурет: deteetarkan/Getty Images
2750

Оятқыш қою денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін, себебі ұйқыдан шошып ояну немесе кенеттен ояну инфаркт пен инсульт алу қаупін арттырады. Бұл туралы АҚШ ғалымдары жүргізген зерттеудің қорытындысында айтылған.

АҚШ ғалымдары адамның оятқыштан оянған кездегі және өзі оянған кездегі жағдайын сигнал арқылы салыстырған. Бірінші жағдайда қан қысымының көрсеткіштері 74%-ға жоғары болған, бұл жүрекке күш түсіреді. Бұл ретте 7 сағаттан аз ұйықтайтын адамдар одан да үлкен қатерге ұшырауы мүмкін деген қорытынды жасалып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары