10 жастағы бала дәретханаға түсіп кеткен бауырын құтқарып қалды

Оқиға Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі Жылыбұлақ елді мекенінде болған.

10 жастағы бала дәретханаға түсіп кеткен бауырын құтқарып қалды
Фото: gov.kz
2128

Түркістан облысында 10 жастағы бала дәретхана шұңқырына құлап кеткен інісін аман алып қалды, деп хабарлады turkystan.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға жуырда Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі Жылыбұлақ елді мекенінде болған. 2022 жылы туған Нұрмұхаммед Өскенбай үйінің ауласында ойнап жүріп әжетхана ойығына түсіп кеткен. Болған жағдайды дер кезінде байқаған анасы Айзада Сарман 10 жасар ұлы Нұралиді көмекке шақырады. Ол беліне арқан жіп байлап, анасының демеуімен кішкентай бауырын құтқарып, өлімнен арашалап қалған.

Батыр баланың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Үлгі болар ісі үшін 4-сынып оқушысы Нұрали Құдыретұлына Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығыТөлешев Асқар Дәулетбайұлы арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары