Атырау облысында құны 170 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

79 099 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Атырау облысында құны 170 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды
pixabay.com

Жылыой ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін қайтару бағытында жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жана-Тан» ЖШС-мен осы санаттағы жер учаскелері игерілмегені және ұзақ уақыт бойы (2020ж. бері) мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды.

«Прокурорлық қадағалау шараларымен аталған кәсіпорын кадастрлық құны 174 017 800 теңге болатын 79 099 га жер учаскесін мемлекетке қайтарды», – делінген хабарламада.

Болашақта оны тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.