Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкері «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

/
Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкері «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары дәрежелі ерекшелік атағы берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Жарлыққа сәйкес, ол өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін марапатталған.

Әбдірашит Доспановқа жоғары атақпен бірге айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар