Астанада ер адам әдепсіз әрекеті үшін 10 тәулікке қамалды

/
Астанада ер адам әдепсіз әрекеті үшін 10 тәулікке қамалды
freepik

Астанада түнгі клубтың жанында қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғынға сот 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Оның әрекеті Threads әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазба арқылы әшкереленген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 17 қазанда елордадағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған.

Сот мәліметінше, таңғы сағат 05:00 шамасында ер адам қоғамдық орында дәрет сындырған. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп, кейін Threads әлеуметтік желісінде жарияланған.

Бейнежазба құқық бұзушылықты дәлелдейтін материалдардың бірі ретінде сотта қаралған.

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аталған істі қарап, құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтады. Сот отырысы барысында ер адам өзінің кінәсін толық мойындаған. Ол оқиға кезінде алкогольдік масаң күйде болғанын айтып, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізген.

Сот азаматтың түсініктемесін, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаны және іс материалдарын зерттеген. Сот ер адамның әрекетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі, яғни "Ұсақ бұзақылық" бойынша саралаған.

Істің мән-жайын ескере отырып, азаматқа 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Алайда сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары