Рудныйда қоқыс контейнерінен сәбидің мәйіті табылды

Полицейлер осы қылмысты жасаған адамды іздестіруге кірісті

Рудныйда қоқыс контейнерінен сәбидің мәйіті табылды
egemen.kz
1178

Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 12:00-де Корчагин көшесіндегі қоқыс контейнерінде полиэтилен пакетке салынған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полицейлер осы қылмысты жасаған адамды іздестіруге кірісті.

Осы орайда полиция депаратменті қылмысты көрген адамдар болса, 102 немесе 52-60-22, 52-59-25 нөмірлеріне хабар беруді сұрайды.

Айта кетейік, осы қылмыс үшін төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары