Ақмола облысындағы автожолда 18 тонна жұмыртқа тиелген фура жанып кетті

Ешкім зардап шеккен жоқ.

Ақмола облысындағы автожолда 18 тонна жұмыртқа тиелген фура жанып кетті
polisia.kz
1022

Ақмола полицейлері өңір жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Екатеринбург – Алматы автожолында 18 тонна жұмыртқа салынған МАN ауыр жүк көлігі сымдардың соқтығысуына байланысты өртеніп кетті. Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел жұмысының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. 

Алғашқы аяздан бастап Ақмола облысының аумағында күшейтілген нұсқада 81 бекет пен 1134 патрульдік полиция қызметкері қызмет атқарды, олар күндіз-түні жолдарда болды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қиын жағдайда адамдарға алғашқы көмек көрсетті. 
 

Серіктес жаңалықтары