Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

14 желтоқсан күні Астанада ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
Фото: gov.kz
849

Ауа райына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматында қалады, деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылдың 14 желтоқсаны күні бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – деп хабарлады елордалық білім басқармасы.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 14 желтоқсан күні Астанада ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.

«Елордада аптаның басынан бастап қатты аяз болып тұр. Қала тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін сақтау және көшеде ұзақ уақыт болмау қажет екенін ескертеміз», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары