«Көмек қажет» сигналын көрсеткен: Ақтөбеде полицей жас жігітті қылмыскерлерден құтқарып қалды (ВИДЕО)

Полицей оларға жақындаған кезде, жас жігіттердің бірі адамның көмекке мұқтаж екендігі туралы халықаралық сигнал – қол қимылын көрсеткенін байқады.

«Көмек қажет» сигналын көрсеткен: Ақтөбеде полицей жас жігітті қылмыскерлерден құтқарып қалды (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz
3006

Ақтөбеде тәртіп сақшысы көмекке мұқтаж екенін ишарамен білдірген жігітті қылмыскерлерден құтқарды, деп хабарлады  turkystan.kz.

Polisia.kz-тің жазуынша, 9 желтоқсанда әкімшілік учаскеде профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Аймереке Мұханбетқазина Әбілқайыр хан даңғылындағы кафелердің бірінің жанында жоғары тонмен сөйлескен үш жас жігітті байқаған. Полиция қызметкерін көрген жігіттер бірден тынышталды. Олардың әрекеттері инспектордың күдігін тудырды.

Полицей оларға жақындаған кезде, жас жігіттердің бірі адамның көмекке мұқтаж екендігі туралы халықаралық сигнал – қол қимылын көрсеткенін байқады. Жігітке қауіп төніп тұрғанын түсінген Мұхамбетқазина бірден «102» нөміріне қоңырау шалды. Әріптестері келгенге дейін ол құқықбұзушыларды өз бетінше ұстауға тырысты.

Ол шабуылдаушылардың бірінің қолында пышақ тәрізді зат бар екенін байқап, оларды әңгімеге тартты. Осы уақыт ішінде полиция жасағы оқиға орнына жетті. Келгеннен кейін тәртіп сақшылары құқықбұзушыларды ұстады. Жастар ақшаға қатысты даулы мәселені шешкені анықталды.

Істің өзге мән-жайларын полиция анықтайды. Тергеу жүргізіліп жатыр.


 

Серіктес жаңалықтары