Алматы әуежайында шу шығарған жолаушы қамауға алынды

/
Алматы әуежайында шу шығарған жолаушы қамауға алынды
Фото: Gary John Norman/Getty Images

Алматы халықаралық әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған 40 жастағы жолаушы рейстен түсіріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Алматы – Орал бағытындағы рейске жолаушыларды отырғызу алдындағы тексеру кезінде болған. Полицияның мәліметінше, Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны әуежайда өзін агрессивті ұстап, әуе компаниясы қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан.

Тексеру барысында ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған. Әуе компаниясы өкілдері жасаған актінің негізінде көлік полициясының қызметкерлері жолаушыны рейстен түсіріп, полиция бөлмесіне жеткізді. Ер адам қоғамдық орында масаң күйде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері көлік полициясы қызметкерлері 86 181 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеген. Оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе масаң күйде жүрудің 6 810 дерегі анықталған. Сондай-ақ ұсақ бұзақылыққа қатысты 719 құқық бұзушылық тіркелген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары