Қазақстан көптеген ел үшін жақсы әрі сенімді әріптес бола алады деп ойлаймыз – Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Euronews тілшісіне сұхбат берді

Қазақстан көптеген ел үшін жақсы әрі сенімді әріптес бола алады деп ойлаймыз – Мемлекет басшысы
Facebook / Берік Уәли
592

Қазақстан көптеген мемлекет үшін жақсы әрі сенімді әріптес бола алады деп ойлаймыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews тілшісі Галина Полонскаяға берген сұхбатында айтты, деп хабарлады turkystan.kz Кazinform-ға сілтеме жасап.

«Өз еліңіздің экономикалық дамуына қатысты тәуекелдер бойынша сізді не мазалайды?», – деп сұрақ қойды тілші ҚР Президентіне.

«Аса күрделі қазіргі әлемде расымен де, қауіп-қатерлер өте көп. Жекелеген геосаяси күйзелістер туралы хабардармыз, бірақ біз халықаралық ынтымақтастыққа бейілдіміз. Қазақстан нарықтық ашық экономикасы бар ел және Қазақстан көптеген мемлекет үшін жақсы әрі сенімді әріптес бола алады деп ойлаймыз. Меніңше, Қазақстан біздің өңірде, Орталық Азияда, тіпті одан тыс аумақта аса маңызды рөл ойнайды», – деді Қ.Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары