Алматыда қар жауып, бір күнде 23 жол апаты тіркелді

Алматыда қар жауды

Алматыда қар жауып, бір күнде 23 жол апаты тіркелді
Алматы қаласы әкімдігі
903

Алматыда қар жауып, бір күнде 23 жол апаты тіркелді. Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарлауынша, түнде патрульдік полиция экипаждарының саны артты, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

23 жол апаты тіркелді, соның салдарынан 3 адам зардап шекті.

Ауа райына байланысты әкімдік автокөлік жүргізушілерінен жылдамдықты төмендетуді сұрап, қашықтықты сақтауға шақырды. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүргенде абай болуы керек, белгіленген жерлерде көшелерді кесіп өтуі керек, қарттар мен балаларға көмек көрсеткені жөн.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, қар 9 желтоқсан түске дейін жауады деп болжанған. Жел жылдамдығы - 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз минус 4 градус болады.

Айта кетейік, қалада 4 см қар жауды, Медеу мен Шымбұлақта – 6 см.

Серіктес жаңалықтары