Естен кетпес тұлға

Өнердің өрелі ұлы 1957 жылдан бастап кинофильмдерге түскен әнші-әртіс Кәукен аға Кенжетайұлы қа­зақ киносында, театрдағы спектакльдерде өзіне тиесілі рөлдерді ерекше сомдаған хал­қымыздың дәстүрлі әндерінің жан­дануы­на өзінің ішкі жан дүниесімен бе­ріле орындаған қоңыр дауыста шыр­қай­тын әншілігі өз алдына асқар шың Сан қырлы бір сырлы нағыз жігіттің сұлтаны десек, артық айтқандық болмас.

Естен кетпес тұлға
ашық дереккөз
1820

 «Адам өмірі көп беті жетпей жыртылып қалған кітапқа ұқсайды. Толық нұсқа деуге аузың бармайды. Бірақ не десек те, ол толық дананы құрайды». Жапон әдебиетінің классигі, жазушы Рюноскэ Акутагава: 

«Сәби (нәресте) шыр етіп жарық өмірге келген сәт­тен бастап адам болып өсіп-жетілсем, мына сұлу өмірде бір кірпіш болып қалансам» деп ар­ман­дайтыны бесенеден белгілі. Азамат деген ар­дақ­ты аттың үдесінен шықсам, адал жарға қосы­лып салиқалы ұрпақтар сүйсем, соңымнан ізгі­лік­ті бір із биік белгі қалдырсам дейді. Осындай мақсаттарға жету үшін танымы, түсінігі терең са­налы кісі сапалы білімге халық өнеріне құштар­лық­пен талпынады әрі жан-жақты ізденеді. Жа­сы­нан тынбай еңбек етеді.

Ұлтымыздың ұйтқысы ғұлама әу­лиесі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ата­­мыздың «Мен айтпасам білгенімді, сен жаз­­басаң көргеніңді, ұрпағың қайдан біл­­сін өмір сүргеніңді» – деп айтқан озық ой­лы сөзі бар. Теледидардан ки­но­фи­­­льм­дер арқылы көрген туындыларына бала кезден көріп, оқып танысқан қазақ­тың Отан­шыл нар тұлғалы ұлттық өне­рі­міз­дің дамуына өз үлесін қосқан белгілі ән­ші, ак­тер, драматург, аудармашы, ұстаз Кау­кен (Әбдірахим) аға Кенжетайұлы ту­ра­лы пікірімді қағаз бетіне түсірсем де­ген қа­­­зақтың қарапайым азаматымын. 
Аллаға шүкір, Баянауыл өлкесі күллі қа­зақ халқының «Қыдыр дарып, бақ қон­ған» қастерлі аймағы. Қазақ тарихында ор­ны да заты да бөлек құнарлы то­пы­рақ­­та шұрайлы мекенде дүниеге келіп, өмір есігін ашқан парасатты, пайымды пер­з­енттері ауылының даңқын шығарған ер-азаматтарының елеулі есімдері әмбеге аян. Ұлт тарихындағы аты абырой биі­гі­не көтерілген дегдар адамдардың ең­бек­тері Баянауыл жерімен тығыз байла­ныс­ты. Арғысына барсақ, Абылай ханның бас ақыл­шысы қазақтың абызы Бұхар жырау Қалқаманұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мұса Шорманов бабаларымыз берісінде ғы­лымның көшін бастаған Қаныш (Аб­дул­ғани) Имантайұлы Сәтбаев, Ша­пық Шө­кин, Хабиболла Оспанов сияқты ру­ха­нияттың, ғылымның, әдебиет пен өнер­дің, ірі өкілдерінің ізін баса білген өне­гелі жолын жалғастырып, бүгінгі ұр­пақ­тың ой-санасының жаңғыруына үл­гілі бола алатын әулет қатарында әйгілі ак­тер, кинорежиссер Шәкен аға Айма­нов­тың бірге туған бауыры, жанашыр іні­сі Кәукен аға Кенжетайұлы деп зор мақ­­­танышпен айтуға хақымыз бар. 
Өнердің өрелі ұлы 1957 жылдан бастап кинофильмдерге түскен әнші-әртіс Кәукен аға Кенжетайұлы қа­зақ киносында, театрдағы спектакльдерде өзіне тиесілі рөлдерді ерекше сомдаған хал­қымыздың дәстүрлі әндерінің жан­дануы­на өзінің ішкі жан дүниесімен бе­ріле орындаған қоңыр дауыста шыр­қай­тын әншілігі өз алдына асқар шың. Сан қырлы бір сырлы нағыз жігіттің сұлтаны десек, артық айтқандық болмас. 
Осы өмірде қалыптасқан аксиома мем­­­лекет үшін білімді ұлт табиғи бай­лық­­тардан әлденеше асып түсетін табыс әрі шынайы құндылық дегенді жөн санар едім. Американың сұңғыла саясаткері АҚШ-тың 26-президенті болған Теодор Руз­­вельт «Ештеңе істемейтін адам ешқа­шан қателеспейді», – дегені бар. 
Қазақстанның Еңбек Ері,Тәуелсіз қа­зақ елінің алғашқы Мемлекеттік сый­лы­ғы­­ның иегері Дулат аға Исабектің «Кино­ның мазмұны – ұлттық формасы адам­зат­­тық болуы тиіс», – деп айтқаны бар. Ду­лат ағамыз тағы бір сөзінде «Биіктер сыр­­­­ла­сады, аласалар сыбырласады», – дейді. Шы­­нында да, солай… Теледидардан бері­ле­тін ұлттық нақыштағы деректі фи­льм­дер, кинолар мен спектакльдер өске­лең ұрпақтың ақыл-ойын жаңғыр­ту­ға интел­лектуалдылығын арттыруға ай­рықша ық­­пал ететіні даусыз. 
Мемлекеттің ұлттық идеологиялық ст­ра­тегиясы алғышарты негізінен тәлімді тәр­бие мен сапалы білім, руханият екені әлім­сақтан әйгілі емес пе? Бала күнімнен са­нама айрықша әсер еткен Кәукен аға Кен­жетаевтың халық жадынан өшпес бір бей­несі, әлемдік өркениет биігінде орны бар ойшыл драматург-жазушы Дулат аға Иса­­бектің «Гауһартас» повесі негізінде, бел­­гілі кинорежиссер Шәріп Бейсем­баев­тің режиссерлығымен 1975 жылы (сол кез­дегі Талдықорған облысы Ақсу кең­шарында орналасқан «Баласаз» деген егінді ал­қап) түсірілген «Гауһартас» кинофиль­мін­де Тастанның әкесі рөлінде өзінің ак­тер­лық қарым-қабілетін жоғары деңгейде көрсете білген өнердің нағыз жан­күйері. Тастан рөлін сомдаған бұл фә­ниден ерте кеткен талантты актер Әнуар Боранбаев. Тастанның анасы рө­лін­д­е ардақты ана, әйгілі актриса Әмина Өмірзақова, қайыны мен жеңге көрінісін керемет орындай білген, інісі Қайыркен рө­­­лінде өнерлі азамат Сапарғали Жәкі­шев, әулеттің жас келіні Салтанатты сом­даған талантты актриса Жанна Қуа­ны­шева болатын. Гауһартас негізінен ән­нің аты. Осы ән XIX ғасырда туға­ны­мен, алғаш орындаушылардың қата­рын­да Социалистік Еңбек Ері, ғажайып бұл­бұл аңыз әнші апамыз Бибігүл Төлегенова. Ал «Гауһартас» кинофильмінде бұл әнді шырқау шегіне жеткізе орындайтын қа­зақтың күміс көмейі, айрықша дарын ие­сі Сәжида Шайхықызы Ахметова апайы­мыз еді. 
Бұл кинофильмді арада елу жылдай уақыт өтсе де қайталап көрсеңіз де, жаңа­­­дан көріп отырған күйде боласыз. Еріксіз біз­дің осындай кинофильмдеріміз көп бол­са екен дейсіз! Ұрпақтар сабақтастығы жал­ғасады деген бар. Соның айғағы ре­тін­де жаңартылған нұсқада заманауи теат­рлық жанрда XXI ғасырдың алғашқы ши­регінде қалың ойлы көрерменге жол тарт­қан, елге көрсетіліп жатқан «Гауһар­тас» кинофильмінің қоюшы режиссері, өнердің жанашыры, театр тарланы, ғы­лым докторы Асхат Маемировтің ерекше ең­бегін де атап өткен жөн.
«Гауһартас» кинофильміндегі бір үзін­діні (Тастан мен әкесі арасындағы әң­­гіме) жазғанымыз дұрыс болар деп ой­­лаймын. «Мен сенің ұлың емеспін бе, әке!» – дейді. Өзінің қате көзқарас­тары­ның төркінін меңзеген Тастан. Сонда Кәу­кен ағаның айтатыны бар. «Балалар тек әкелерінің ізімен ғана жүрер болса, мы­на өмір тоқтап қалмай ма? Мені орын­сыз кінәлайсың» деп айтатын сөзінің астарында көп мағына бар. Бұл ұрпаққа үлгі.
Әлемге әйгілі физик-ғалым Альберт Эйнш­тейн «Қолайлы мүмкіндіктер қиын­­­­­­дықтар мен мәселелер арасында жа­­­сырынып жүреді» – деп айтқан өткір ойы бар. Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сый­­лығының лауреаты, өнер қайраткері биыл 100 жылдығы кеңінен аталып өтіп жат­қан белгілі кинорежиссер, текті жер­дің ұрпағы Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қо­жықов атамыздың «Қыз Жібек» (1970 жы­лы түсірілген) кинофильміндегі басты рөл­дердің бірі Базарбайды жоғары дең­гей­де сомдаған санқырлылығының бір қы­ры нағыз өнердің майталманы екенін аң­ғартады. Халқымыздың қадірлі аза­ма­ты, дарынды кинорежиссер Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы «Қыз Жібек» кинофиль­міндегі Базарбайды ойнауға Кәукен ағаны шақырғанда, қуана қарсы алғаны рас. Алайда дайындық жұмыстары ке­зін­де режиссер үстіне ұзын шапан кигізіп, қо­лына аса таяқ ұстаған адам етіп көр­сет­кісі келген. Бірақ Кәукен ағамыз өзінің қар­сы болғанын сұхбаттарында ашық айт­қаны бар. Себебі Базарбай Қытай жә­не Византия мен басқа да көп елдермен сау­да жасаған сол заманның кәсіпкері жақ­­сыға ыңғайлы адам болса керек. Сау­дагер адам жинақы болу керек деген сө­зін кинорежиссер Сұлтанахмет Қожықов пен Виктор Пұсырманов мұндай пікірді дұ­рыс түсінеді. Төлегеннің әкесі болып ой­найтын осы рөлі әлі де ел жадында. Хал­­қымыздың данышпаны Төле би Әлі­бек­ұлының «Биікке шықсаң көңілің ашы­лар, жақсымен жолдас болсаң зейі­нің ашылар», – дейді. Халқымыздың рухани байлығының молаюына ықпал жа­­­саған ұлттық киномыздың аңызына ай­­­налған алып тұлғалары Ш.Айманов, А.Қар­сақбаев, С.Қожықов, М.Бегелин, Ш.Бей­сембаев сияқты тарлан тұл­ға­лар­дың интеллектуалдылығы терең ре­жис­сер­лардың 30-дан аса кинофильмдеріне тү­сіп, әртүрлі рөлдерді керемет сомдаған Кәу­кен аға өзінің қажырлы еңбегінің ар­­қасында ел ықыласына бөленген бол­мы­сы, өзгеден биіктігі тайға таңба бас­қан­дай білініп, дараланып тұратыны ата­дан қонған қастерлі қасиет екені заң­­­дылық. 
Қазақта «Өнерің болса қолыңда ке­дей­­мін деп қысылма, өнерлінің ырысы жар­­­­қырап жатар жолында», – дейді. Мәс­кеу­­де консерваторияда 1936 жылдан 1941 жыл аралығында кәсіби білім алған Кәу­кен ағамыз осында алғаш рет нота­ның не екенін оқып меңгереді. Осы кон­серваторияда Чайковскийдің, Рахмани­нов­­тың, Глинканың, Бородиннің романс­тарын, әндерін айта білген көп таланттың бірегейі болды. Оқуда жүріп болашақ өмір­лік адал жары Шабал Бейсекова апайы­мызбен (1939 жылы) танысады. Ба­ла­лар әдебиетінің негізін қалаушы­лар­дың бірі, белгілі жазушы, ақын Сапарғали Бега­линнің ұлы кинорежиссер Мәжит аға­мыздың бес бірдей кинофильміне түс­кен Кәукен ағаның «Жиырма бес» әні та­лайлардың құлақ құрышын қандыр­ған­ы кімге де болса шындық. Халық әні «Екі жиренді» шырқау шегіне жеткізе орын­дайтын әншілігі қазақтың төл мә­де­ниетіміздің шын жанашыры екенін оның ісінен аңғаруға әбден болады. 
«Интеллектуалдылық ресурсқа» бай ел­дің қарны ашпайтыны ғасырлар қой­науы­нан жеткен ақиқат. Барлығына уа­қыт сөзсіз әділ қазы болса, ал тамыры те­рең тарихымыз баршасына таразы еке­ні белгілі. «Байлық пен мансап қолға ұста­ған мұз ериді де кетеді. Ал елге жаса­ған риясыз қызмет артта қалған із ол ұр­пақ­тан-ұрпаққа жетеді», – деген сөз бе­кер айтылмаса керек. Осыны еліміздегі әр азамат терең түсініп, өзінше ой қоры­та алса олқылықты болдырмайтын қа­жет­­­тілік деп ойлаймын. 
Әлемдік өркениетке із салушы ұс­таз әл-Фараби «Ісім оңсын де­сеңіз, сол істің маманы болыңыз, даңқым шық­сын десеңіз көпшіліктің адамы бо­лыңыз», – дейді. Еліміздің өсіп-өркендеуі мен мәдени, рухани тұрғыдан дамуына ерен еңбегі сіңген, режиссер, драматург, ау­дармашы, ұстаз, профессор Кәукен аға Кенжетайұлының өнердегі мол мұрасы өзі оқытқан шәкірттеріне бүгінгі ұрпаққа, өскелең жастарға әрқашан үлгілі болмақ. Фран­ция елінің көрнекті жазушысы Вик­тор Гюго «Ұлы адамдар өз ескерткіш­тері­нің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін бо­ла­шақ салады», – дегені елдің есінде. Кәу­кен аға Кенжетайұлы қиындыққа то­лы «тар жол тайғақ кешу» заманында туса да, ол өзінің үзеңгілестерінен оқ бойы озық тұруы Құдай берген қажыр-қай­ратының арқасында, халқына қалт­қы­сыз қызметінің нәтижесінде респуб­ли­каға ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына әй­гілі театр және кино актері әрі естен кет­пес тұлға екені сөзсіз! Соқпалы соқ­­­­пақсыз жолдан өткен халқымыздың қаһар­мандары өнегелі істерімен кең кө­лемде атқарған адал қызметтерімен ел­дің жадында сақталары хақ. Осындай бір кісі болса ол – Кәукен аға Кенжетайұлы.  

Ғани СМАХАНҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары