Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған адам ұсталды (ВИДЕО)

Бетперде киген 20-25 шамасындағы ер адам мекеме қызметкерін қорқытқан.

Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған адам ұсталды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

3 желтоқсан таңғы букмекерлік мекеменің қызметкері қарақшылық жасалды деп хабарлама берген. Тексеру кезінде 08:55 шамасында бетперде киген 20-25 шамасындағы ер адам мекеме қызметкерін ас үй пышағымен қорқытып, букмекерлік мекемеден 143 780 теңге тонап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды.

«Полиция қызметкерлері 25 жасар қала тұрғынын ұстады. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынып, ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру басталды», - деді полициядан.