Мәжіліс Қазақстан мен Катардың инвестициялық байланысына қатысты келісімді ратификациялады

Келісім инвестициялық байланысқа қолайлы жағдай жасау, тікелей шетел инвестицияларының ағынын ынталандыру және екі елдің экономикалық әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді.

Мәжіліс Қазақстан мен Катардың инвестициялық байланысына қатысты келісімді ратификациялады
сурет ашық дереккөзден алынды
712

Мәжіліс Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Келісім Астанада 2022 жылғы 12 қазанда әзірленген. Ол инвестициялық байланысқа қолайлы жағдай жасау, тікелей шетел инвестицияларының ағынын ынталандыру және екі елдің экономикалық әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді.

Қос тарап өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес басқа мемлекеттің инвесторларын қолдауға және оларға қолайлы жағдайлар жасауға міндеттеледі. Инвестициялар әділ және тең құқылы режимде, сондай-ақ екінші Уағдаласушы елдің аумағында толық қорғалады.

Серіктес жаңалықтары