Ризабек Айтмұхан Олимпиадаға бару үшін салмағын ауыстырды

Өнер көрсетіп жүргенде салмағы 92 келі болатын.

Ризабек Айтмұхан Олимпиадаға бару үшін салмағын ауыстырды
Фото: prosports.kz
844

Еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан Олимпиада лицензиясын алу үшін дайындықты бастағанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz

«Өнер көрсететін салмағым 92 келі Олимпиада бағдарламасына кірмейді. Сол үшін салмағымды 97 келіге көтердім. Қазақстанда іріктеу жарысынан өтіп, келер жылы сәуірде Бішкекте өтетін Азия чемпионатына бару керек. Өйткені ол жақта Олимпиада ойындарының лицензиясы ойнатылады. Лицензия алсам ғана Олимпиадаға бара аламын», - деді спортшы «Түнгі студия» бағдарламасында.

Ризабек Айтмұхан Олимпиадаға дайындықты  бастап кеткенін жеткізді.

«Уақыт өте аз. Олимпиада ойындарына 7-8 айдай уақыт бар. Салмақ ауыстырдым. Басқа қарсыластар, күштері көп әрі күрестері басқаша. Ол жақта Садулаев сияқты мықты қарсыластар бар. Оларды ұту үшін үш-төрт есе еңбектену керек. Сонда ғана жеңіске жетеміз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары