837
Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды
Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады.
Жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде Алматы метрополитенінде жылжымалы құрам саны көбейтілді, деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Енді қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен қызмет көрсететін болады.
«Оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгендігі ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.
Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады.
Еске сала кетейік, Алматы метрополитені 2011 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылды, қазіргі кезде 11 станса бар. Әрі қарай 4 стансаның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.