Павлодарда құтқарушылар өрт шыққан тұрғын үйден алты адамды эвакуациялады

Тілсіз жауды сөндіру үшін жеке құрамның 10 адамы және 3 техника жұмылдырылды.

Павлодарда құтқарушылар өрт шыққан тұрғын үйден алты адамды эвакуациялады
Константин Шелков
709

Павлодарда пәтер өртеніп, 6 адам эвакуацияланды. Оның үшеуі — бала, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 27 қарашада сағат 10:16-да Ленин кентінің Ғарышкерлер көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Аумағы 15 шаршы метр жерде диван, үй заттары жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері баспалдақпен 3 ересек пен 3 баланы түсірді»,– деді департаментте. 

Тілсіз жауды сөндіру үшін жеке құрамның 10 адамы және 3 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 15 адам өз бетінше эвакуацияланды.

«Апаттар медицинасы орталығының төрт қызметкері  зардап шеккен үш адамға, оның ішінде екі балаға көмек көрсетті. Олар өрт салдарынан күйзеліс алған»,– деді департаментте.

Шұғыл қабылданған шаралар арқасында өрт сағат 10:48- та сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – өртті абайсызда қолдану болып табылады.

Серіктес жаңалықтары