Шавкат Рахмоновтың қарындасына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды

Әлеуметтік желіде спортшы қызға ұсыныс жасалған сәттен суреттер жарияланды.

Шавкат Рахмоновтың қарындасына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды
Фото: Instagram/rakhmonova_

Шавкат Рахмоновтың қарындасына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде маңызды сәттен суреттер жарияланды.

«Бақыттымын, Аллаға шүкір!» - деп жазды Сора Рахмонова.

Белгілі болғандай, күйеу жігіт те спортттан алыс емес. Бапкер болып жұмыс істейтін ол джиу-джитсудан спорт шебері.

Айта кетейік, Сора Рахмонова ММА-де бес жекпе-жек өткізіп, төрт рет жеңіске жеткен. Үш жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған.

Ол 26 мамырда Naiza FC 51 турнирінде ресейлік Валерия Карыгинаны нокаутпен жеңген болатын.