«Балаңмын» демей-ақ қой»: Саят Медеуов әкесі достыққа адал болуды қалай үйреткенін айтты

Әнші әкесінің өсиетін есіне алды.

«Балаңмын» демей-ақ қой»: Саят Медеуов әкесі достыққа адал болуды қалай үйреткенін айтты
Фото: adyrna.kz
763

Әнші Саят Медеуов «Ұйқым келмейді» бағдарламасында әкесінің достыққа адал болу керегін айтқан сәтін есіне алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Айтуынша, досы істі болған кезде анасы оның қасында жүрмеуін өтінген. Ал әкесі керісінше, оған көмектесу керегін айтқан.

«Бірде досымыз істі болып, сонымен бірге жүрдім. Оны анам білген жоқ. Ауылға барғанда шешем «сен бір күні мына кісінің қасында жүріп, сотталасың, мына жүрісің дұрыс емес» деді. Сол кезде әкем шешеме «Нүке, сен Саятқа сөйлеме» деді. Ал маған «Саят, Аликтің бар кезінде дос болдың ба, жоқ кезінде де дос бол, бар кезінде араластың ба, басына іс түкенде де аралас, қашпа. Досыңның басына іс түскенде кетіп қалатын боласың, онда «балаңмын» деп айтпай-ақ қой» деді. Сол уақытта әкемнің достыққа адалдығына риза болдым», - деді әнші.

 

Серіктес жаңалықтары