Тісі көп әйел Гиннестің рекордтар кітабына енді

Калпана Баланның 38 тісі бар.

Тісі көп әйел Гиннестің рекордтар кітабына енді
wikipedia

Үндістан тұрғыны әлемдегі ең көп тісі бар әйел деп танылып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлады Turkystan.kz Hindustan Times сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік рекордты 26 жастағы үндістандық Калпана Балан орнатты. Оның 38 тісі бар. Яғни, басқа адамдардан 6 тісі артық.

Калпана Баланның ауыз қуысындағы төменгі жағында қосымша - 4, жоғары жағында - 2 тісі бар.

Оның айтуынша, жас кезінде қосымша тіс шыға бастаған. Бұл оған ешқандай ыңғайсыздық тудырмаған. Ата-анасы дәрігерге көрініп, артық тістерді алып тастауды ұсынған. Алайда Калпана Балан тіс жұлдырудан қорыққандықтан тіс дәрігеріне барудан бас тартқан.

«Гиннестің рекордтар кітабына енгеніме қуаныштымын. Бұл менің өмірімнің басты жетістігі»,  – дейді Калпана Балан.

Ерлер арасында осындай рекорд канадалық Эвано Меллонеге тиесілі. Оның 41 тісі бар. Медицинада артық тістердің болуы гипердентия немесе полиодонтия деп аталады. Статистикаға сәйкес, әлем халқының 3,8% -да бір немесе бірнеше артық тіс бар. Гиперденсия тістің пайда болуының бұзылуынан болады. Бірақ оның нақты себебі белгісіз.