Қосылған құн салығының мөлшерлемесі инфляцияға әсер ете ме?

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жеңілдетілген салық режимін пайдаланады.

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі инфляцияға әсер ете ме?
ашық дереккөз

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі инфляция дәлізінің ауытқуы мен көлеңкелі экономика деңгейінің өсуіне әкелмейді, деп хабарлады Turkystan.kz Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің мәлімдемесіне сүйеніп.

«2006 жылы қосылған құн салығының мөлшерлемесі 15% болған кезде, жалпы ішкі өнімге шаққанда көлеңкелі экономиканың деңгейі 19,8%, ал сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың мөлшері 2,7%-ды құрады. Қосылған құн салығы мөлшерлемесі кезең-кезеңімен 12%-ға дейін төмендеді. Бірақ саудадағы көлеңкелі экономика көлемі ұлғайып, 2016 жылы жалпы ішкі өнімге шаққанда 9,2%-ға жетті. 2022 жылы қосылған құн салығы мөлшерлемесі 12% болған кезде сауда саласындағы көлеңкелі экономика көлемі жалпы ішкі өнімге шаққанда 3,1%-ды құрады», – деді А. Әмрин.

Вице-министр қосылған құн салығының мөлшерлемесі инфляцияға қатты әсер етпейтінін, бір мезеттік қана инфляциялық қысым сезілетінін жариялады.

«Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16%-ға дейін көтерілсе, инфляция жоспарланған дәлізден ауытқымайды. Инфляция деңгейіне 1 пайыздық тармақ шегінде әсер етеді, бірақ ауылшаруашылық тауарларына кері әсерін тигізбейді», – деді ол.

Оның айтуынша, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жеңілдетілген салық режимін пайдаланады.

А. Әмриннің айтуынша, қосылған құн салығының мөлшерлемесі көтерілсе, бюджеттің «бүйірі» шығады. Қосылған құн салығының көтерілуі ел азаматтарының 5,5%-ына ғана әсер етеді.