Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 450,79 теңгені құрады. Осылайша, АҚШ валютасы 5,82 теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 10 қыркүйекке белгілеген доллардың ресми бағамы – 456,89 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 447,88 теңге, ал сатудың орташа бағамы – 450,63 теңге. Астана айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 447,01 теңгеден сатып алып, 454,04 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 449 теңгеден сатып алады, ал сату бағамы – 451,15 теңге.
Еске сала кетейік, 26 тамыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге өсті, 27 тамызда 3,28 теңгеге қымбаттады, 28 тамызда 2,1 теңгеге көтерілді. 31 тамызда 2,23 теңгеге төмендеді, 1 қыркүйекте 3,12 теңгеге арзандады, 2 қыркүйекте 2,97 теңгеге төмендеді. 3 қыркүйекте 0,47 теңгеге өсті, 4 қыркүйекте 0,53 теңгеге қымбаттады. 7 қыркүйекте 2,04 теңгеге төмендеді, 8 қыркүйекте 0,19 теңгеге өсті, ал 9 қыркүйекте 2,5 теңгеге қымбаттап, 456,89 теңгеге жетті.