Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 454,46 теңгені құрап, 0,19 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкі 8 қыркүйекке белгілеген доллардың ресми бағамы — 454,31 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 454,68 теңге, сатудың орташа бағамы — 456,58 теңге. Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 452,86 теңгеден сатып алып, 459,99 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 454,54 теңгеден сатып алып, 456,63 теңгеден сатуда.
Еске сала кетейік, 26 тамыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 0,66 теңгеге, 27 тамызда 3,28 теңгеге, 28 тамызда 2,1 теңгеге өсті. 31 тамызда бағам 2,23 теңгеге, 1 қыркүйекте 3,12 теңгеге, 2 қыркүйекте 2,97 теңгеге төмендеді. 3 қыркүйекте 0,47 теңгеге, 4 қыркүйекте 0,53 теңгеге өсті. Ал 7 қыркүйекте доллар бағамы 2,04 теңгеге төмендеді.