«Мұндай әке ешкімге керек емес»: Танымал актриса отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтты

Актриса ерік-жігерін жинап, мұндай жағдайдан жол тауып шыққан анасына алғысын білдірді.

«Мұндай әке ешкімге керек емес»: Танымал актриса отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтты
Фото: Instagram/arujazz

Танымал актриса Аружан Жазылбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, ата-анасының ажырасуына осындай жағдай себеп болған.  

«Шындығында, мен ештеңе айтпадым. Бұл жазба бір апта бойы сақтаулы тұрды. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені ұят! Отбасымда зорлық-зомбылық болғанын айту қаншалық ұят екенін білсеңіздер. Қоғам мұндай жағдайларды айтуға болмайтынын растағанда да қысым көрсетеді. Бірақ кейінгі кезде мұндай жағдайды басынан өткермеген бірде-бір әйелдің жоғын байқадым. Демек, ұят емес қой? Демек, біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз», - дейді ол.

Актриса ерік-жігерін жинап, мұндай жағдайдан жол тауып шыққан анасына алғысын білдірді. Алайда анасының бұл қадамын құптамағандар да болыпты.

«Оны ата-анасы кері қабылдамаған. Төрт ағасының біреуі де қолдамаған, өзінен басқа ешкім қорғамаған. 26 жасында баламен жалғыз қалған оған оңай болған жоқ. Көп қателікке ұрынды, бірақ қайта оралмады. Зорлықты енді ешқашан көрмеуім үшін қайта оралмады. Сынған мұрын, қан, мүмкін мұның бәрі қайғылы аяқталғанын қаламаған шығар. Егер ол саған қол көтерсе, шыдама, үнсіз қалма, бұл туралы бәріне айт та, тез арада кет. Балаларға әке керек деп те ойлама. Мұндай әке ешкімге керек емес. Менің өмірім - бұған айқын мысал», - деп жазды актриса.