852
Ұлттық қордың активтері 3,85 млрд долларға азайды
Алтын-валюта активі - 9,3%-ға, еркін айырбастағы валюта -5,3%-ға төмендеді.
Ұлттық қордың активі қысқарып қалды, деп хабарлайды Turkystan.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.
Қаржы реттеушісінің дерегінше, Қазақстанның халықаралық резервтері соңғы айларда теріс көрсеткіш көрсеткен. Жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда алтын-валюта активі - 9,3%-ға, еркін айырбастағы валюта -5,3%-ға төмендеген.
Дәл осындай төмендеу 2022 жылы желтоқсан айында болған. Биыл шілдеден бастап Ұлттық қор активтерінің төмендеу көрсеткіші 6,4%-дан асқан.
Алтын-валюта резервтері мен Қазақстанның Ұлттық қорын қамтитын жиынтық сыртқы резерв жыл басынан бері 4,3% қысқарған. Ал Ұлттық қордың активтері шілдеден бастап 3,85 млрд долларға азайған.