Көпірден секірген атыраулық әйел аман қалды

Атыраулық құтқарушылар көпірден секірген әйелді құтқарды.

Көпірден секірген атыраулық әйел аман қалды
Baq.kz

13 қарашада 1999 ж.туылған белгісіз әйел Атырау қаласының орталық көпірінен Жайық өзеніне секірді.

Хабарлама келіп түскен соң, шақыру орнына Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл келіп жетті.

Құтқарушылар Берікқали Айдаров, Ернар Әнуарбеков және Айдын Бағыттың жедел әрекеттері нәтижесінде әйел аман-есен құтқарылды.