«Алғаш тапқан ақшам – 1100 теңге»: Актер Еркебұлан Дайыров көше сыпырып, құрылыста жұмыс істеген кезі туралы айтты

Бағдарламада актердің әпкесі оның алғаш рет ақша тапқан кезін еске алды.

«Алғаш тапқан ақшам – 1100 теңге»: Актер Еркебұлан Дайыров көше сыпырып, құрылыста жұмыс істеген кезі туралы айтты
Фото: YouTube
851

Актер Еркебұлан Дайыров «Алғашқы» бағдарламасында көше сыпырып, құрылыста жұмыс істеген кезі туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бағдарламада актердің әпкесі оның алғаш рет ақша тапқан кезін еске алды.

«2001-2002 жылдары жездесі екеуі аула сыпырушы болып жұмыс істеді. 500 теңге деген ол жылдары біраз ақша. Еркебұлан ақша тапты деп қуандым», - дейді ол.

Актер Алматыға алғаш келген кезде Қаныш Сәтбаев атындағы университеттің жөндеу жұмыстарын істегенін айтады.

«Сәтпаев-Сейфуллин көшелерінің қиылысында жұмысқа жалданатын жігіттер тұратын. Солардың жанында да тұрдым. Алғашқы жұмыс сол жерден басталды. Сол 1500 теңге үшін, 500 теңге үшін қырғын жұмыс істейтінбіз. Алматыда ең алғаш тапқан ақшам - 1100 теңге болды», - деді Еркебұлан Дайыров.

 

Серіктес жаңалықтары