"Титаник" бортындағы бірінші дәрежелі жолаушыларға арналған кешкі ас мәзірі Уилтширдегі аукционда 84 000 фунт стерлингке (48 миллион теңге) сатылды, деп хабарлайды turkystan.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.
Онда 1912 жылғы 11 сәуірде кешкі асқа ұсынылатын тағамдардың тізімі жазылған.
Титаник осыдан кейін 2 күн өткен соң, 1912 жылғы 14 сәуірде айсбергке соқтығысқан болатын.
Аукционды Henry Aldridge & Son компаниясы өткізген.
Аукционшы Эндрю Олдридж бұл мәзірге күллі әлемге әйгілі мұхит лайнерінен қалған керемет экспонат деп сипаттама берді.