Жаңбыр, тұман: 12 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, тұман: 12 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ашық дереккөз
702

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 12 қарашаға дауылды ескерту жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Түнде және таңертең Атырау облысының басым бөлігінде және Атырау қаласында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде және Орал қаласында тұман  түседі деп күтіледі.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман болады. Соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Шымкентте түнде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) және тұман болады деп күтіледі. Түркістанда түнде тұман болуы ықтимал. 

Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Қонаевта соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Семей қаласында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болуы ықтимал. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.  Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Желдің екпіні –15-20 м/с.  Ақтау қаласында соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және өңір орталығы   Петропавлда тұман түседі деп күтіледі.

Серіктес жаңалықтары